Клубтар арасындағы әлем чемпионатына 32 команда қатысатын болады
Клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысушылардың санын 32 командаға дейін көбейетіні белгілі болды.
Sky Sports журналисі Роб Харрис 2025 жылдан бастап турнирге Еуропадан 12, Оңтүстік Америкадан 6, Африка, Азия және КОНКАКАФ-тан 4, Океаниядан 1 команда қатысатыны жайлы жазады.
Тағы бір орын қабылдаушы елдің клубына берілеін болған.
Бұған дейін ФИФА президенті Джанни Инфантино клубтар арасындағы әлем чемпионатында командалар саны 32-ге жеткізілетінін мәлімдеген болатын.