Клубтар арасындағы әлем чемпионаты коронавирусқа байланысты кейінге қалдырылды
2020 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының өту мерзімі өзгерді.
ФИФА баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы желтоқсанда өтуі белгіленген турнир коронавирустық пандемияға байланысты 2021 жылдың ақпанына ауыстырылды. Допты дода 1-11 ақпан аралығында Катарда өтеді.
Клубтар арасындағы ерекше турнир, әлем чемпионаты 2000 жылдан бері өткізіліп келеді және оған алты құрлықтық конфедерацияның әрқайсысының ең мықты клубтары мен қабылдаушы елдің ең жақсы клубы қатысады. Турнирдің қазіргі жеңімпазы - ағылшындық «Ливерпуль». Ақпаннан кейінгі келесі жеребе жаңа форматта өтеді: турнирге жеті команданың орнына 24 команда қатысады, жарыс Конфедерация кубогының орнына төрт жылда бір өткізілетін болған.