Клубтар арасындағы жаңа форматтағы ӘЧ 2022 жылы өтеді
Атаулы турнир 2000 жылдан бастап халықаралық жарыстар қатарына енген
ФИФА жаңа форматта өтетін клубтар арасындағы Әлем чемпионатын 2022 жылда өткізу жайлы шешім қабылдады.
2000 жылдан бастап халықаралық жарыстар қатарына енген атаулы турнирдің жаңа форматта әлемнің үздік 24 клубы қатысуында өтуі белгіленген мерзім тағы бір жылға кешіктірілген. Оның қалдырылу себебі коронавирустың пандемияға байланысты «Еуро-2020» жарысы 2021 жылға көшірілуі мен ФИФА клубтар турнирін 2022 жыл Қытайда өткізуді ұйғарған. Клубтар арасындағы ең кейінгі жеңімпазы «Ливерпуль» клубы. Ал ең көп жеңіс тұғырынан көрінген клуб "Реал Мадрид", 4 рет чемпион болған.
Сонымен қатар, футбол қауымдастығы 2020 жылда өтетін барлық құрама комнадалар арасындағы кездесулерді коронавирустың тарауын болдырмау мақсатында 2021 жылға ауыстырғанында айтқан еді.