Клод Макелеле Греция клубының бас бапкері болды
Франциялық футбол майталманы Клод Макелеле мансабын Грекияда жалғастырады.
«Реал» және «Челси» клубтарының бұрынғы жартылай қорғаушысы Макелеле «Астерас» командасының бас бапкері болып тағайындалды.
51 жастағы маман бұған дейін «Бастия» және «Эйпен» клубтарын басқарған, «ПСЖ» және «Суонси» клубтарында ассистент болған, сондай-ақ «Монако» және «Челси» клубтарында техникалық директор қызметін атқарған.
Айта кетейік, «Астерас» Грецияның жоғарғы дивизионында 3 тур нәтижесі бойынша 4 ұпаймен 7-орында келеді.