Өкілдер палатасы TikTok-қа тыйым салу туралы заң жобасын қолдады
АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы елде TikTok әлеуметтік желісіне ықтимал тыйым салу туралы заң жобасын қолдады.
Euronews мәліметінше, заң шығарушылар әлеуметтік желіні иеленетін ByteDance компаниясына оны сатуға алты ай уақыт беруді ұсынған.
Бұл бастама платформаның кез келген Қытай бақылайтын ұйыммен байланысын үзуге бағытталған. Заң жобасын қолдап 352 депутат қолдап, 65 депутат қарсы шықты. Келесі кезекте құжат Сенаттың қарауына жіберіледі.
Президент Джо Байден бұған дейін заң жобасын депутаттар мақұлдаса, оған қол қоятынын айтқан еді.