English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Клаудио Раньери АПЛ клубының бас бапкері болды
15:41 / 2021-10-05

АПЛ-дің «Уотфорд» клубы Клаудио Раньериді жаңа бапкер ретінде жариялады.

Ресми сайтта жарияланған ақпаратта, инталияндық 69 жасты жаттықтырушы мен 2023 жылға дейін келісім жасалған. Раньери командада 10 айдан аз жұмыс істегеннен кейін босатылған Хиско Муньоздың орнына келді. 

Англияда Раньери бұрын «Челси» мен «Фулхэм» сынды клубтарда жұмыс істеген, бірақ оны әсіресе Лестердің бас жаттықтырушысы ретінде АПЛ жанкүйерлері жақсы таниды. Өйткені бұл клуб дәл осы италиян бапкерлігінде 2016 жылы Премьер-лигада жеңіске жетті.

Қазіргі уақытта «Уотфорд» 7-тур нәтижесіне орай 7 ұпаймен 15-орында тұр.