Клаудио Браво «Ла Лига» ойындарына қайта оралды
35 жасты чилилік қақпашы Клаудио Браво Испанияның «Бетис» клубына өтті.
Клуб мәлімдемесіне орай, өткен маусымда «Манчестер Сити» клубынан еркін агент ретінде кеткен Клаудио Браво мен арадағы келісімшарт 1+1 түрінде жасалған. Енді ол отандасы Мануэль Пеллегрини қоластында алдағы маусымды өткізетін болады. Қақпашының жасы үлкендігіне қарамай ойын формасында екені жақсы көзге түссе ол тағы бір жыл клуб сапында қалуы керек.
Испания чемпионаты Клаудио Браво үшін өте жақын. Өйткені ол АПЛ клубына өтерден алдын Ла Лигада «Реал Сосьедад» және «Барселона» клубтары сапында ойын көрсеткен.