Ташкентте қалалық автобус жанып кетті
Ташкент қаласындағы тұрақты бағытта қатынаушы 116 автобус 24 қараша күні таңда жанып кеткен.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға таңғы сағат 06:13 өткенде орын алған. Онда автобус жүргізушісі алғашқы жолаушыларын алу үшін автотұрақтан терминал станциясына кетіп бара жатқан кезде өртенген.
Оқиға орнына 4 минут ішінде келген Ташкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт-сөндіру тобы, автобустағы жалынды 06: 26-да ауыздықтап, 06: 39-да толық сөндірген.
Қазірге дейінгі дерек бойынша, автобустағы өрт қозғалтқыш бөлігіндегі қысқа тұйықталудан шыққан деп болжануда. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.