Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Көкшетауда су тасқынына байланысты Төтенше жағдай жарияланды
14:42 / 2024-03-29

Қазақстанның Көкшетау аймағында Қылшақты өзенінің арнасынан асып, тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды, көшелер мен үй аулаларын су басты.

KAZINFORM мәліметінше, осы жағдайға байланысты Төтенше жағдай жарияланды.

«Көкшетау қаласында қалыптасқан жағдайға байланысты, яғни Қылшақты өзеніндегі судың деңгейі шамадан тыс көтерілуі тұрғындардың өмір сүруіне қолайсыздық туғызды. Жағдайды тұрақтандыру үшін Төтенше жағдай енгізілді. Соның шеңберінде келтірілген шығын көлемі анықталып, комиссия арқылы материалдық көмек мәселесі шешілетін болады. Су тасқынынан келтірілген залалдарды жою бойынша жедел штаб құрылды. Су басқан аймақтардағы тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде, қазіргі кезде 100 жуық адам арнайы дайындалған орындарға орналастырылды. Жерлестеріме жағдайды түсінгеніңіз үшін және су тасқынына қарсы күресте қолдан келгенше көмек көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамын»,-  деген қала әкімі Бауыржан Ғайса.