КХДР Оңтүстік Кореямен арадағы барлық байланыстарды тоқтатуға шешім қабылдады
Кореямен барлық байланыстарды тоқтатуға Ким Чен Ынның қарындасы Ким Ё Чжон бұйрық берген
Солтүстік Корея үкіметі Оңтүстікпен арадағы келіссөздерді толық тоқтатудың алғашқы қадамы ретінде бауырлас елмен барлық байланыс жүйесін үзді.
Кореяның орталық телеграф агенттігінің хабарында айтылуынша, ресми Пхеньян Сеулмен қарым-қатнасын 9 маусым күні жергілікті уақыт түскі сағат 12:00де тоқтатқан. Кореямен арадағы баланысты үзуге КХДР лидері Ким Чен Ынның қарындасы Ким Ё Чжон бұйрық берген болып, мұны ол Корей еңбек партиясы Орталық комитет төрағасының орынбасары Ким Ён Чхормен ақылдаса қабылдаған. Оған себеп ретінде КХДР Солтүстік кореялық босқындардың Пхеньянға қарай шарларға ілінген үгіт парақшаларын жіберуін ресми Сеул тоқтату шараларын қабылдамағанда. Өз кезегінде босқындардың бұл әрекеті Солтүстік Корея режимі мен оның жетекшісіне қатты сын екені айтылады.
Ким Ё Чжон Кроея үкіметі дәл осы жағдайды тоқтатуға шара қолданбаса Сеулмен барлық байланыс кеңселерін жабуы жөнінде бірнеше күннен бері ескертіп келген болатын.
Қазіргі уақытта орын алған бұл жағдайларға айланысты ресми Сеул ешқандай баяндама жасамаған.