Кирсти Ковентри ХОҚ-тың жаңа президенті ретінде ресми қызметіне кірісті
Суда жүзуден екі дүркін Олимпиада чемпионы Кирсти Ковентри Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОҚ) жаңа президенті ретінде ресми түрде қызметіне кірісті. Осыған байланысты Швейцарияның Лозанна қаласында өкілеттілікті тапсыру рәсімі өтті.
Ковентри бұл лауазымға 2013 жылдан бері ХОҚ-ты басқарған Томас Бахтың орнына сайланды. Ол биыл наурызда өткен дауыс беру қорытындысы бойынша Зимбабве атынан ұсынылып, жеңіске жеткен болатын.
Салтанатты рәсімде Томас Бах 41 жастағы жаңа президентке Олимпиада үйінің символдық кілтін табыстап, сәттілік тіледі. Өз кезегінде Ковентри алғыс айтып, ұйым ішінде ең мықты команданы құруға уәде берді.
Айта кетейік, Ковентри Афина және Бейжің Олимпиадаларында 200 метрге арқамен жүзуде алтын медаль иеленген. Сондай-ақ оның төрт күміс, бір қола жүлдесі және әлем чемпионаттарында жеңіп алған үш алтын медалі бар.