Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Кипрде дельта және омикрон штаммдарының гибриді анықталды
10:05 / 2022-01-09

Кипрде жергілікті ғалымдар коронавирустың жаңа нұсқасының пайда болғанын хабарлады.

Кипр университетінің профессоры Леонтиос Кострикис «Sigmalive» арнасына берген сұхбатында штамм 25 үлгіде анықталғанын және оның генетикалық негізі бір уақытта «дельта» және «омикрон» ерекшелігіне ие екенін айтқан. Соның негізінде вирустың жаңа түрі «дельтакрон» деп аталады.

«Біз геномында 30 түрлі мутация бар басқа штаммдардан түбегейлі ерекшеленетін «омикронға» ұқсас бірқатар мутацияларды таптық. Олардың ондығы жоғарыда аталған үлгілерде анықталған», - деп түсіндірді ғалым.

«Дельтакрон» диагнозы қойылған 25 адамның 11-і ауруханаға жатқызылып, дәрігерлердің бақылауында емделіп жатыр.

Ғалымның айтуынша, SARS-CoV-2 жаңа нұсқасының қаншалықты жұқпалы екенін айту қиын, бірақ болжам бойынша ол штамм науқасты мазаламайды және оны «омикрон» ағзадан жояды.