Американдық белгілі киноактер Алек Болдуин фильм түсірілім кезінде тапаншамен оператор Галина Хатчинсті байқаусызда атып өлітді.
Оқиға Санта-Фе қаласының (Нью-Мексико штаты) маңында «Раст» вестернінің түсірілімінде болып, онда картинада басты рөлді сомдаушы - танымал Голливуд актері Алек Болдуин кездейсоқ оқ атып оператор Галина Хатчинсті өлтіріп алды.
Түсірілім компаниясының өкілі «The Hollywood Reporter» басылымына берген ақпаратында, оқиға Болдуин бос патронмен оқ атуы керек болған көріністерді түсіру кезінде орыналған. Қару атыс аймағында реквизит ретінде қолданылған.
France Press агенттігінің хабарынша, оқиға болған кезде тапанша қолданылуы қажет болған. Детективтер дәл неден атылғанын анықтауға тырысуда (тапаншаға қандай жағдайда оқ -дәрі салынған).
«Болдуин полиция қайғылы жағдай жайлы айтып, олардың сұрақтарына жауап берді. Ол өз еркімен келді және нұсқаулық берген соң ғимараттан шығып кетті. Қазірге оған ешқандай айып тағылған жоқ және тұтқынға алу жағдайы болмады», - делінген France Press хабарында.