Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Кино: Елизавета II билігі туралы тарихи драма «Алтын глобус» марапатын алды
12:11 / 2021-03-01

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-нің билігі туралы баяндалған «Тәж» атты тарихи драма ең жақсы драмалық сериал номинациясы бойынша «Алтын глобус» сыйлығына лайық деп табылды.

Лос-Анджелесте 1-наурыз, дүйсенбіге қараған түні 78-ші «Алтын глобус» марапаттау рәсімі өтті. кештің басты сыйлықтарының бірі - ең жақсы драмалық сериал - Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-нің билігі туралы суреттелген «Тәж» атты тарихи драмға нәсіп етті.

Сериалдағы ханзада Чарльздің рөлін ойнаған Джош О'Коннор «Ең үздік актер» номинациясы бойынша «Алтын глобус» сыйлығын иеленсе, Диана ханшайымның рөлін ойнаған британдық Эмма Коррин «Алтын глобус» сыйлығын «Ең жақсы әйел адам» номинациясмен марапатталған.

Үздік сценарий үшін сыйлық 1960-шы жылдардың аяғында АҚШ-тағы соғысқа қарсы белсенділердің соты туралы таспаланған «Чикагодағы жетіліктің сот процесі» тарихи драмасының сценаристі Аарон Соркингке берілді.  

Үздік анимациялық фильм номинациясы бойынша «Pixar» компаниясы түсірген «Soul» атты мультфильмге табысталды.

Үздік фильм американдық туынды «Көшпенділер жері» (Nomadland) атты картинаға берілген.