Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Кинематография агенттігі: Жалаңтөс Баһадүр туралы фильм түсіріледі
14:50 / 2021-05-11

Өзбекстан Кинематография агенттігі Самарқанд облысы әкімшілігімен бірлесіп Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы туралы фильм түсіруді жоспарлауда.

Бұл туралы Самарқандта өткен «Матонат» деректі фильмінің премьерасы кезінде айтылып, осыған орай қайраткер қолбасшы Жалаңтөс Баһадүр туралы фильмнің режиссері Жахонгир Ахмедов болатыны белгілі болды.

Іс-шарада Кинематография агенттігінің бас директоры Фирдавс Абдухоликов пен Самарқанд облысының әкімі Эркинжон Турдимов сөз сөйлеп, ынтымақтастық аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды және жаңа бірлескен жобалар туралы меморандумға қол қойды. 

Самарқанд облысының әкімі Э.Турдимов өз сөзінде Самарқанд аймағын басқарған Жалаңтөс Баһадүр туралы көркем фильм түсіру туралы Кинематография агенттігіне ұсыныс айтқанын, онысын батырға деген құрмет және ел кино өнерінің дамып кележатқанымен байланыстырған.

Осы шарадан кейін Агенттік және Самарқанд облысы әкімшілігімен бірлесіп түсірілген кинорежиссер Шухрат Махмудовтың «Матонат» фильмі көпшілікке көрсетілді. Деректі фильм Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Нидерландыдағы нацистік концлагерьде ерлікпен қаза тапқан 101 өзбек сарбазы туралы баяндалады.