French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ким Чен Ынның денсаулығына байланысты Қытайдан Солтүстік Кореяға дәрігерлер келген
10:33 / 2020-04-25

Делегацияны 23 сәуірде Қытай коммунистік партиясының сыртқы байланыстар бөлімінің аға функционері бастап барған


Қытай билігі қазіргі уақытта КХДР басшысының денсаулығы күрт нашарлады деген қауесет өріп тұрған бір кезде Солтүстік Кореяға өзінің арнайы делегациясы мен жоғары санаттағы дәрігерлерін қоса жіберген.

Reuters хабарында айтылуынша атаулы делегацияны 23 сәуірде Қытай коммунистік партиясының сыртқы байланыстар бөлімінің аға функционері бастап барған. Бірақта бұл жағдайға ресми Қытай түсініктеме беруден бас тартқан. Осыған дейін 2008 жыл елдің бұрыңғы басшысы Ким Чен Ирдің денсаулығы нашарлағанда Франция және Қытайдан осы жағдайға ұқсас дәрігерлер тобы С.Кореяға келгендігі айтылады.

Қазіргі уақытта жапондық және АҚШ барлаушылары Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның денсаулығы туралы ақпарат жинау мен талдау жүргізуде. Ал, АҚШ президенті Дональд Трамп бұл сыбыс жалған деп үміттенемін деген болатын.

Ким Чен Ынның денсаулығына қатысты жағдай мен оның қайда екендігі жайлы ақпаратты кеше Оңтүстік Корея басылымдары Пхеньянда емес екенін айтып, ол қалада коронавирус жұқтырып алудан сақтану мақсатында жеке поездімен Жапон теңізіндегі Шығыс Корей түбегінде орналасқан жағажайдағы жеке вилласына тартқан десе. Батыс пен шығыс БАҚ беттерінде оның 15 сәуірден бері көзден ғайып болуын денсаулығымен байланыстырып, жақында КХДР басшылығына оның қарындасы Ким Ё Ченның келіп қалуы әбден мүмкіндігі жайлы жазуда.