Ким Чен Ынның бүгінгі тағдыры неге құпия қалуда?
Оң.Кореяның заң органында жұмыс істейтін Чи Сон Хо президент Ким-нің 99 пайыз өлгеніне сенімді екенін айтқан
Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның 11 сәуірдегі Корея еңбек партиясының жиынынан кейінгі тағдыры құпиялы түрде қалуда. Ол сол күннен бастап әлі күнге көрініс берген жоқ. Бұл ненің белгісі?
Әлемдік БАҚ беттерінде оның өлгені жайлы нақты меңзейтін ақпарат болмаған мен жағдайы дұрыс емес екендігі жөнінде сан түрлі мәліметтер жетеді. Ал ремси Пхеньян президент жөнінде артық қауесетке сенбеуге шақырып одан артық мардымды оның жағдайы дұрыс екенідігі жайында ақпарат берген жоқ.
Бұл тұрғыдан 2006 жылы КХДР-дан қашып кетіп қазірде Оң.Кореяның заң органында жұмыс істейтін Чи Сон Хо президент Ким-нің 99 пайыз өлгеніне сенімді екенін айтқан. Оның айтуынша: КХДР биліктегі мұрагер мәселесінде өте нәзік жағдайға тап болғандығы себепті оның өлімін жарияламай отыр. Өйткені мен оның операциядан кейін қаншаға дейін өмір сүруі жайлы көп ойладым, ал маған оның өлгендігі жайлы хабарлады,- деп ақпарат көзін айтудан бас тартқан Чи Сон Хо, Солтүстік Корея осы демалыс күндері өз жетекшісінің қайтыс болғандығын жариялайды, деп қосымша қылған.
Бұған дейінгі жарияланған жаңалықтарда Кимге жасалған ота сәтсіз аяқталған. Ал операциягның сәтсіз болуына ота кезінде дәрігердің қолы қалтырағаны себеп етіп көрсетілген. Содан кейінгі оны өмірі алысқа бармауына байланысты билік басына оның қарындасы Ким Ё Ченның келіп қалуы әбден мүмкіндігі екендігі жайлы жазылуда.