Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ким Чен Ын жаңа су асты кемесін көзден кешірді
12:38 / 2019-07-23

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын елдегі әскери теңіз күштері үшін арналған жаңа су асты кемесін көзден кешірді.


Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын елдегі әскери теңіз күштері үшін арналған жаңа су асты кемесін көзден кешірді. Бұл жайында, жергілікті Кореяның Орталық телеграф агенттігі хабарлаған.

Бұл су асты кемесі, Жапон теңізінде тактикалық міндеттерді орындау үшін қолданылатын болады. Агенттіктің мәлімдеуінше, Ким Чен Ын жаңа су асты кемесі орналасқан фонда суретке түсіп, қару-жарақ, жедел техникалық әрекеті мен қоса жауынгерлік жүйесімен танысқан. Бірақ аталмыш су асты кемесі мен оның жабдықтары жайлы басқа да ақпараттар айтылмай құпия түрде қалған. 

Ким Чен Ын кемені аралаған кезде, Солтүстік Кореяда су асты кемелері болу керектігін айтып, елдің сенімді қорғанысын арттыру мақсатында әскери теңіз күштері үшін арнайы құралдар жасау керек екендігін айтқан.