Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ким Чен Ын ұзақ уақыттан кейін көпшілік алдында көрініс берді
15:48 / 2020-05-24

Соңғы уақытта Ким Чен Ын денсаулығының нашарлауына байланысты көпшіліктің алдында өте сирек көрініс беретін болды


Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын үш апталық үзілістен кейін көпшілік алдында көрініс берді. Кореяның Орталық телеграф агенттігінің хабарлауынша президент Ким Корея еңбек париясының орталық әскери комитеті жиынында қатысқан.

Солтүстік Корея басшысының қатысуымен өткен соңғы кездесуде КХДР әскери дамуына назар аударуды жоспарлаған стратегиялық бағыттар, сондай-ақ қарулы күштерді одан әрі нығайту жөніндегі ұйымдастырушылық және саяси шаралар талқыланған. Сонымен бірге кездесуде Корей халқы армиясының артиллериялық активтерінің қуатын арттыруға қатысты маңызды шаралар туралы әнгіме айтылған.

Соңғы уақытта Ким Чен Ын денсаулығының нашарлауына байланысты көпшіліктің алдында өте сирек көрініс беретін болды. Бұған дейін ол 1 мамыр күні Сунчхондағы тыңайтқыш өндіруші зауыттың ашылу салтанатына қатысқанан соң енді ғана көрініс беруде. Тәуелсіз интернет беттерінде Солтүстік Корея басшысы Пхеньянға қайтпай жағалаудағы Вонсан курорттық қаласында қалуда, деп жазған.