Ким Чен Ын Оңтүстік Кореямен бірігумен айналысатын агенттіктерді жауып тастады
Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын Оңтүстік Кореямен татуласу және бірігу мәселесімен айналысатын агенттіктердің жұмысын тоқтатты.
AlJazeera хабарлауынша, Солтүстік Корея басшысы ел соғысты қаламайды, бірақ оған да бейжай қарай алмайды, деген.
Солтүстік Кореяның Жоғарғы халық жиналысында сөйлеген сөзінде Ким Оңтүстік Кореямен қайта қосылу мүмкін емес екенін айтып, бұл елді жеке «жау мемлекет» мәртебесін өзгерту үшін конституциясына түзетулер енгізуге шақырды.
Корейлермен татуласуға қатысқан үш ұйым: Елді бейбіт жолмен біріктіру комитеті, Ұлттық экономикалық ынтымақтастық бюросы және Халықаралық туризм бюросы жабылған.
Бұл шешім Пхеньянның жақында өткізген зымыран сынақтарынан кейін екі Корея арасындағы қарым-қатынастың одан әрі нашарлағанын білдіреді.