Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ким Чен Ын өлді ме?
09:07 / 2020-04-26

КХДР басшысы сәтсіз операциядан соң көз жұмған, бұған ота кезінде дәрігердің қолы қатты дірілдегені себеп ретінде көрсетілген


Бірнеше күн бұрын операция столына жатып ота сәтсіз болғандығы салдарынан Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын қаза болды деген ақпаратты көптеген шетел басылымдары бөктірте жазып жатыр.

Алайда оның нақты өлгендігі жайлы мәлімет ресми КХДР тарапынан жарияланбады. Тіпті оның денсаулығы жақсы екендігі жөнінде Корея достық қауымдастығы директоры Алехандро Као өз твиттер парақшасында «Біздің маршал Ким Чен Ынның денсаулығы жөніндегі хабар жалған және ол жаман мақсатта таратылған. Алаңдаушылық білдіргеніңіз үшін рахмет, бірақ мен журналистерден ақпарат көзін тексеріп, сенсациядан сәл алыстау болғанын сұрар едім», деп жазба қалдырған.

Ал 25 сәуірде президент Ким таңертең мемлекеттік радиодан Самчжиён қаласын құруда көмектескен құрылысшыларға алғыс білдірді, деген хабар оқыған. Бірақ бұл есттіруді Солтүстік Корея бұқаралық ақпарат құралдары президенттің ризашылық білдіру реті қай тәртіпте болғандығы жайлы хабарлаған жоқ, деп жазады Гонконгтағы HKSTV спутниктік хабар тарату компаниясы.

Тағы бір расталмаған ақпарттың бірінде айтылуынша Ким Чен Ын сәтсіз операциядан соң көз жұмған, бұған дәрігердің қолы қатты дірілдегені себеп ретінде көрсетілген.

Сенімді ақпарат көзіне сенер болсақ Корея достық қауымдастығы директоры Алехандро Као өз твиттеріндегі «Біздің маршал Ким Чен Ынның денсаулығы жөніндегі хабар жалған және ол жаман мақсатта таратылған» дегенді келтіруге болады. Десе де оның денсаулығында айтарлықтай нөкестік бары белгілі. Өйткені ол 12 сәуірден бастап мүлдем көрініс берген жоқ.