Ким Чен Ын 20 күн дегенде көпшілік алдында көрініс берді
КХДР Ким Чен Ынның 1 мамыр күні Сунчхондағы тыңайтқыш зауытының ашылу салтанатына қатысқан фотосуреттерін жариялаған
КХДР жетекшісі Ким Чен Ын 20 күн дегенде алғаш рет көпшілік алдында көрініс беріп, Сунчхондағы зауыттың ашылу салтанатына қатысқан.
Оң.Кореяның Рёнхап ақпарат көзінің дерегінше КХДР Ким Чен Ынның 1 мамыр күні Сунчхондағы тыңайтқыш зауытының ашылу салтанатына қатысқан фотосуреттерін жариялаған. Ондағы суреттерден оның әдеттегідей көңілді түрде лентаны қиып тұрғанын байқауға болады және бұл шарда оның қарындасы Ким Ё Ченның да бар екені көрінеді.
Бұған дейін Солтүстік Корея лидерінің 12 сәуірден бастап көрінбей кеткеніне байланысты БАҚ беттерінде түрлі ақпарат тараған болатын. Өйткені бұл жағдай оның жүрегіне жасалған күрделі отадан кейін аса даурығып кеткені сонша, күні кешеде іпті оның өлгені жайында Оң.Кореялық заңгер 99 пайыз сенімді екенін айтып, КХДР оның өлімін жариялауды кешіктіріп жатқанын билікке келер мұрагер мәселесінде өте нәзік жағдайға тап болғанымен байланыстырған еді.