Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Килиан Мбаппе «Реал Мадрид» клубымен келісімге келді
11:50 / 2022-05-18

«Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе «Реал Мадрид» клубына ауысу туралы келісімге келді.

Goal басылымның хабарлауынша, тараптар келісімге келген: Мбаппе Мадридтік клубқа жазда «ПСЖ» клубымен 30 маусымға дейін жасалған келісім-шарт біткен соң ауысады. Шабуылшының трансфері Чемпиондар лигасының финалынан кейін белгілі болады.

6 мамырда париждік клуб шабуылшыға жылына 50 миллион еуро жалақы және 100 миллион еуро бонус ұсынған еді.

Дереккөздің хабарлауынша, 23 жастағы футбошлы испандық командамен 2027 жылға дейін келісім-шартқа отыратын болады, жалақысы маусымына 40 миллион еуро (негізгі бөлік үшін 30 миллион еуро, бонустар үшін 10 миллион еуро).