Киберқауіпсідік бойынша әлемдегі ең ірі оқу жаттығу жиыны басталды
ТАСС хабарына сәйкес, Эстонияда киберқауіпсіздік бойынша «Locked Shields – 2019» -деп аталатын әлемдегі ең ірі оқу жаттығу жиыны басталды. Бұл жайында НАТОның Таллиндегі Киберқауіпсіздік орталығы хабар берген.

Locked Shields – киберқауіпсіздік саласындағы әлемдегі ең ірі оқу жаттығуы болып, Эстонияда 2010 жылдан бері өтіп келеді. Бұл жылғы Locked Shields оқу жаттығулары 8-10 сәуір аралығында болып өтеді.
Оқу жиындары НАТОның Киберқауіпсідік орталығы тарапынан Эстония, Финляндия, қарулы күштері, АҚШтың Европадағы Қарулы күштері басшылығы және Корея Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиялық институты тарапынан ұйымдастырылған.