English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
KIA Өзбекстан нарығындағы өндірісін одан әрі нығайтады
10:18 / 2022-07-07

«KIA Motors» Өзбекстан нарығындағы жобасының екінші кезеңі іске қоса отырып, өндірісті одан әрі нығайтпақ.

Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Умурзоков «KIA Russia&CIS» президенті Санг Гвон Джонгты қабылдады.

Жиында автомобиль өнеркәсібінің қарқынды және тұрақты өсуі біздің Өзбекстан үшін экономикалық дамудың басымдығы екені атап өтілді. Өнімдері Өзбекстан нарығында үлкен қызығушылықпен қабылданатын «KIA Motors» компаниясымен ынтымақтастықтың орны ерекше екенін белгілі.

Компания басшылығы жаңа жобаларды жүзеге асырып, өндіріс желісін кеңейту арқылы Өзбекстан нарығындағы позициясын нығайта беретінін мәлімдеді.

KIA компаниясымен Жызақ зауытында автомобильдерді ауқымды құрастыру бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыру 2021 жылы басталды. Бірінші кезеңнің құны 12,6 миллион долларды құрады. 250 маман жұмыс істейтін кәсіпорында «KIA», «Renault», «Lada» автокөліктері құрастырылуда.

Атаулы зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 25 мың автокөлік шығаратын болып, іске қосылғаннан бері 6 мыңнан астам автокөлік шығарылды. KIA компаниясы Өзбекстан нарығына бүгінге дейін 8 моделді ұсынды. 

Жиын барысында жобаның екінші кезеңі іске қосылса, өндірістің жылдық қуатын 100 мың автокөлікке дейін арттырып, 3 мың жаңа жұмыс орны ашылатыны айтылды. Өндірушінің жоспары бойынша локализация деңгейі 30 пайызға дейін көтеріледі, бұл көлік бағасына оң әсер етеді. Сондай-ақ, жергілікті кәсіпорындармен бірлесе отырып, құрамдас бөлшектер шығару игерілетін болады.

Жобаны талқылаудан кейін тараптар оны жүзеге асырудың келесі қадамдары туралы келісіп алды.