Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ХОК: Токио-2020 олимпиадасы өз уақытында өтеді
17:43 / 2020-03-04

Коронавирустың тарауын жол бермеу жұмыстары күшейтілген


Халықаралық Олимпиада комитеті Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарын өткізуді коронавирусқа байланысты кешіктіру немесе басқа қалаға көшіруді жоспраламаған.

ХОК Лозаннада Токио олимпиадасына дайындық пен коронавирусқа қатысты ахуалға айқындық енгізу мақсатында өткен жиында, спортшыларды дайындығын күшейтуге үндеп олимпиаданы белгіленген уақытта яғни 24 шілдеден 9 тамыз аралығында өткізуге шешім шығарған.

ХОК атқару комитеті ақпанда өткен жалпы жиында құрамында болған ХОК, Токио-2020 ұйымдастыру комитеті, Токио әкімшілігі мен Жапония үкіметі және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінен құралған жұмысшы тобының олимпиада өткізу үшін атқарылып жатқан дайындық жұмыстарын жоғары бағалауын және қолдауын білдірген.

Осыған дейін Токио олимпиадасы коронавирус себеп жыл соңында көрерменсіз өтуі мен оны басқа қалаға көшіру сынды хабарлар тараған болатын, алайда ХОК соңғы шешімді қабылдап жазғы ойындар жарысы өз уақытында өтетінін айтты.