Хиуада әр екі жыл сайын «Лазги» халықаралық би фестивалі өтеді
Мемлекет басшысының жарлығы бойынша Хорезмнің Хиуа қаласында әр екі жыл сайын бір рет «Лазги» халықаралық би фестивалі өтеді
Мемлекет басшысының жарлығы бойынша Хорезмнің Хиуа қаласында әр екі жыл сайын бір рет «Лазги» халықаралық би фестивалі өтеді.
2022 жылдан бастап, әр 2 жылда бір рет 25-30 сәуір күндері Хиуада Халықаралық «Лазги» би фестивалі және халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтетін болып белгіленді.
Атап айтқанда, Хорезм «Лазгисі» Өзбекстанның мәдени мұрасы ретінде адамзаттың материалдық емес мәдени мұралары тізіміне енгізілген. Осы жөніндегі шешім 12 желтоқсанда Колумбияның Богота қаласында өткен Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі ЮНЕСКО үкіметаралық комитетінің 14-сессиясында қабылданған.
Екі жылда бір рет өтетін бұл мәдени ауқымды іс-шара аясында Хиуадағы «Ичан-қала» кешені аумағында би өнеріне қатсыты көрмелер ұйымдастырылатын болып, онда ұлттық нақыштағы киімдер мен қолөнер бұйымдары, бейнелеу және қолданбалы өнер туындылары, көркем және деректі фильмдер, аудио және видеодискті таспалар мен кітап, альбом мен фотосуреттер сатылымын ұйымдастыру жоспарланған.