Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Химия саласы бойынша нобель сыйлығының иегерлері Дан Шехтман Өзбекстанға келді
15:55 / 2019-11-04

Дан Шехтманның ашқан жаңалықтары қазіргі уақытта ғылымның көптеген салаларында тиімді қолданылады


2011 жылда химия саласы бойынша «квазикристалдарды» ашқаны үшін нобель сыйлығын алған Изрильдық физик және химик ғалым Дан Шехтман Өзбекстанға келді.

Бүгін Инновациялық даму министрлігінде Дан Шехтман мен министр Иброхим Абдурахмонов кездесу өткізіп, осы(4-9 қараша күндері аралығында) сапардың аясында өтетін кездесулер мен ғылыми жиындар жайында аздап сұхбаттасты.

Нобель иегері Дан Шехтман Өзбекстандағы сапары аясында Ташкент және Самарқанд университеттерінің студенттеріне дәріс оқып, IT парк, Озық технологиялар орталығы және Өзбекстандағы Тұңғыш Президенттік дарынды балаларға арналған мектептің қызметімен танысатын болады.

Дан Шехтманның ашқан жаңалықтары қазіргі уақытта, металлургияда, баламалы энергетика өндірісінде, оптикалы талшықтар, электроника саласы және медицина мен ғарыштан басқада көптеген салаларда қолданылады.