Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ханс Клуге: Еуропада карантиндік шектеулерді жою коронавирустың қайта өршуіне себеп болды
10:25 / 2020-06-26

Джонс Хопкинс университетінің дерегінше қазірде әлем бойынша COVID-19 індеті расталған жағдай 9,6 миллионнан асқан


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілі, Еуропада карантиндік шектеулердің күшін жою салдарынан коронавирустың қайта өршуіне себеп болғанын мәлімдеді.

«Өткен аптада Еуропада соңғы айларда бұрын-соңды болмаған деңгейде аурудың өсуі байқалды. Бір аптаның ішінде бірнеше айда байқалған коронавирус жұқтырғандардың саны тіркелген. Соңғы екі аптада аймақтағы 30 елде COVID-19 динамикасы едәуір өскені байқалды. Олардың 11-інде вирустың тез таралуы эпидемияның қайта басталуына әкелуі мүмкін. Егер сіз бұл процесті тоқтатпасаңыз, бұл Еуропа елдерінің денсаулық сақтау жүйесін тағы да тұңғиыққа әкеледі», деген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа бойынша аймақтық бюросының директоры Ханс Клуге.

Джонс Хопкинс университетінің дерегінше қазірде әлем бойынша COVID-19 індеті расталған жағдай 9,6 миллионнан асқан. Оның 4,8 млн-нан астамы аурудан сауыққан болса, 490 мыңға жуық жан індеттен көз жұмған. Коронавирустан ең көп жапа шеккен ел – АҚШ. Бүгінде онда 2,4 млн-нан астам жан осы ауруды жұқтырған. Кейінгі кезекте Бразилия, 1,2 млн-нан көп кісі вирустың кесірінен қиындыққа тап болған.