Хамзат Чимаев UFC рекордын жаңартты
Ол Лас-Вегаста өткен турнирде Джеральд Миршертті 17 секундта құлатып, 66 күн ішінде өзінің үшінші жеңісіне қол жеткізді
Шешенстанда туып, қазіргі уақытта Швецияда тұратын Аралас жекпе-жек (ММА) шебері Хамзат Чимаев UFC рекордын жаңартты.
Ол Лас-Вегаста өткен турнирде Джеральд Миршертті 17 секундта құлатып, 66 күн ішінде өзінің үшінші жеңісіне қол жеткізді. Осылайша UFC-дегі жеңісті рекорд көрсеткішті жаңартты. Бұған дейінгі үздік көрсеткіш бразилиялық Джонни Уокерге тиісті болған. Джонни 105 күнде үш рет қатарынан жеңіс тұғырына шыққан еді.
26 жасты Хамзат Чимаев UFC-дегі үш жекпе-жегінде де 50 мың доллардан бонус алған.