Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Халықаралық ауыр атлетика федерациясының басшысы қызметінен босатылды
11:10 / 2020-01-23

Тамаш Аян федерациядан түскен 5 млн доллар ақшаны өз басқаруындағы екі бірдей есепшотқа өткізіп алған және 700-дей допинг дауын жасырған


2000 жылдан беріге Халықаралық ауыр атлетика федерациясының(IWF) президенті қызметін атқарып келген Тамаш Аян сыбайлас жемқорлыққа байланысты өз міндетін 90 тәулікке тоқтатты.

Бұл жөнінде IWF комитет мүшелері 23 қаңтарға өтер кеште Дохада өткен кездесуде мәлімдеген. Қазіргі уақытта бұл лауазымға Урсула Папандреа уақытша басшы болып тағайындалған. Ал венгрялық Тамаш Аянға байланысты айыптауларды тексеру үшін арнайы Халықаралық олимпиада комитеті комиссия құрды.

Біраз уақыт алдын IWF және Тамаш Аян айналасында тараған қауесет(допингке байланысты жағдайларды жасырған) жайлы немістің ARD телеарнасы фильм түсірген болатын. Осы кинода федерациядан түскен 5 млн доллар ақша Тамаш Аян басқаруындағы екі бірдей есепшотқа өткені жайлы баяндалып, ол басшылыққа келген 2000 жылдан бастап доппинг дауына қатысты 700-дей қылмыстық жағдайды жасырғандығы көрсетілген.