Хабиб пен Тони Фергюсон жекпе-жегі өтпейтін болды
Жылдың үздік жекпе-жегі бесінші мәрте қалдырылды
Бұған дейін UFC-дегі жеңіл салмақ чемпиондары Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсонның арасындағы шайқас төртретке қалдырылған болатын. Ал кеше Ресейлік спортшы оны бесінші ретте белгіленген уақыттында өтпейтінін мәлімдеді.
Ресми түрде 18 сәуір күні өтуі жоспарланған жылдың үздік жекпе-жегі әлемдік пандемияға байланысты бесінші мәрте кезегінен кешіктірілді. Мұны Хабиб Нурмагомедов өз баяндамасында айтқан. Өйткені қазір барлығы коронавирустан қорғанып тұрған бір кезде, мен қалай әлемде кезіп жүрмекпін. Сондықтан мен де көпшілік сынды үйде отырмақпын, деп жазба қалдырған.
Ал өз кезегінде бұл мәлімдемеге америкалық Тони Фергюсон жауап ретінде оның қорқып, төбелестен қашқаны жайында өз твиттерінде жазба қалдырып, Хабибті титулынан айыру керек деп айтқан.
Біраз уақыттан беріге осы төбелестің болу болмау болжамы төңірегіндегі сұрақтарға UFC перзиденті Дана Уайттың өзі нақты дерек айтуға бармай оны жанамалап өтуші еді. Өйткені бұл жекпе-жектің қазіргі пандемия кезінде өтуіде екіталай еді.