French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Хабиб пен Гэтжи жекпе-жегі Абу-Дабидегі аралда өтеді
15:19 / 2020-06-13

UFC перзиденті Дана Уайттың айтуынша бұл төбелесті ұйымдастыру үшін БАӘ мен UFC арасында 5 жылдық келісім-шарт жасалған


Ресейлік Хабиб Нурмухамедов пен америкалық Джастин Гэтжи арасындағы UFC-дегі Абсолютті төбелестер чемпионаты аясындағы жекпе-жек Абу-Дабидегі «Шайқастар аралында» өтеді.

UFC перзиденті Дана Уайттың айтуынша бұл төбелесті ұйымдастыру үшін БАӘ мен UFC арасында 5 жылдық келісім-шарт жасалған. Әзірге бұл шайқастың өту мерзімі осы жылдың қыркүйек айына жоспарланғаны айтылып, оның ықтималдық датасы айдың 18 жұлдызына белгіленген.

Американдық спортшы Джастин Гэтжи өзінің уақытша чемпиондық белбеуіне қол жеткізгеннен кейін ресейлік Хабибке қарсы шайқасқа дайындалатынын айтқан еді. Ол 24 мәрте октагонға шығып соның 22 жеңіске жеткен. Ал екеуінде жеңілген. Хабиб Нурмухамедов бүгінге дейін 28 төбелетің бәрінде жеңіс тұғырынан көрінген.