Хабиб, МакГрегор және Тони Фергюсон қатысуында супертурнир өтуі мүмкін
Бұл турнир UFC-дің супер чемпионын анықтау мақсатында ұйымдастырылады
Жеңіл салмақтағы үздік UFC супер чемпионын анықтау мақсатында биыл кіші супертурнир ұйымдастырылуы мүмкін. Бұл ұсынысты Конор МакГрегордың жаттықтырушысы Джон Кавана алға тартқан.
Джонның айтуынша, бұл турнирді тамыз айында бастауға болады. Онда Конор МакГрегор - Жастин Гэтжиге ал, Хабиб – Тони Фергюсонға қарсы жекпе-жекке шығып, осы кездесулердегі жеңімпаздар жұбы жылдың соңғы күні 31 желтоқсанда супер чемпионды анықтап беруші финал жепке-жегінде октагонға шығады.
Бұған дейін UFC президенті Дана Уайт 18 сәуірде өтетін төбелесті ресми түрде қалдырылғанын мәлімдеген болатын.