11 желтоқсанға қараған түні АҚШ-тың батысындағы 6 штатта 50-ден астам торнадо болып, құрбандар саны 94-ке жетті. Соның 74 Кентукки штаты тұрғындары.
Кентукки штат губернаторы Энди Беширдің мәліметінше: қазіргі уақытта 74 тұрғынның қазасы тіркелген. Табиғи апат салдарынан мерт болғандар саны артуы мүмкін. Қазір Кентуккидің 109 тұрғыны із-түзсіз жоғалғандар тізімінде, - деген.
Бешир сондай-ақ штаттың із-түзсіз жоғалған тұрғындарының саны жарияланғаннан әлдеқайда көп екеніне алаңдаушылық білдірген.
Президент Джо Байден АҚШ үкіметі торнадодан зардап шеккен елдің орталық аймақтарына көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтып, төтенше жағдай туралы декларацияға қол қойды.
Өткен аптада сенбіге қараған түні байқалған табиғи апат Миссури, Миссисипи, Арканзас, Теннесси, Иллинойс және Кентукки штаттарында 50-ден астам торнадо соққан. Бұл АҚШ тарихындағы ең күшті торнадоларды деп бағалады.