French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Кеннедиға қастандық туралы мыңдаған тарихи дерек жарияланды
11:03 / 2025-03-20

Дональд Трамп әкімшілігі Джон Кеннедидің өліміне қатысты мыңдаған құжатты жариялады.

АҚШ-тың Ұлттық архиві сейсенбі күні «бұрын құпия болған барлық жазбалардың» ашылғанын хабарлады. Енді бұл құжаттар онлайн және тікелей көруге қолжетімді.

Архив өз веб-сайтына алғашында 63 мың беттен тұратын құжаттарды жүктеді. Ұлттық барлау қызметінің мәліметінше, жалпы 80 мың бетке жуық құпия жазба жарияланған.

Бұған дейін, қаңтар айында, Дональд Трамп бұрынғы президент Джон Кеннедидің өліміне қатысты барлық құжаттарды, сондай-ақ Роберт Фрэнсис Кеннеди мен Мартин Лютер Кингке жасалған қастандық туралы жазбаларды жариялау жөнінде бұйрыққа қол қойған еді.