ФОТОРЕПОРТАЖ
Қарақалпақстан Республикасы «Тахиаташ» ауданына қарасты «Кенегес» елді мекенінде 7480-нен астам халық тұрады. Облыс тұрғындары бау-бақша өсіруде жақсы тәжірибе жинақтаған.
[gallery-13054]
Осы ауылда тұратын Ильхом Сафаров жыл сайын шаруашылығынан мол өнім алып, көпшілікке үлгі болуда. Ол 40 гектар жерге ерте көктемде күріш, көкөніс дақылдарын еккен. Сондай-ақ бақшада 150-ден астам алма, өрік, шабдалы, алмұрт, алхоры жеміс ағаштары бар. Сонымен қатар, аула шетінде 60 жәшік бал арасы мен 200-ге жуық асыл тұқымды құстар бағылады.
– Жыл сайын егін алқабында өсірілетін ауылшаруашылық өнімінен орта есеппен 25-30 миллион табыс аламыз. Біздің бақшаның жемістері қазір пісіп тұр. Сондай-ақ, ерте көктемде 30 гектар жерге егілген қарбыз мен 10 гектар жерге егілген қызанақ, болгар бұрышы, сәбіз халыққа арзан бағамен сатылуда, – дейді И. Сафаров.
суреттерді түсірген Мақсат ХАБИБУЛЛАЕВ, ӨзА