Кая Каллас Орталық Азия елдеріне ресми сапармен келеді
27–28 наурыз күндері Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі, Еурокомиссия вице-президенті Кая Каллас Түркіменстан, Өзбекстан және Қазақстанға ресми сапар жасайды.
Бұл жөнінде ЕО-ның Өзбекстандағы өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сапар аясында жоғары мәртебелі қонақ Ашхабадта өтетін ЕО – Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің кездесуіне төрағалық етеді. Кездесуге Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Қазақстанның сыртқы саясат өкілдері қатысады.
Кездесу барысында халықаралық геосаяси жағдайдың өңірге ықпалы, көлік және цифрлық байланыс, стратегиялық шикізат қорлары, энергетика мен су ресурстары, сондай-ақ сауда, білім және ғылыми зерттеулер сынды өзекті мәселелер талқыланады.

Сол күні Кая Каллас қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.
Ресми сапар аясында Кая Калластың Өзбекстан мен Қазақстанға да келуі жоспарланған.