Кассирдің қателігінен канадалық қарт миллионерге айналды
82 жасты Майкл Батт есімді канадалық азамат кассирдің қателігінің арқасында миллин доллар ұтып алды
82 жасты Майкл Батт есімді канадалық азамат кассирдің қателігінің арқасында миллионер атанды.
«CTV News Оттава» арнасының хабарында, қария кассирден «Lotto 6/49» лоторея билетін сатуын сұраған, ал кассир оған шатасып «Lotto Max» ұтыс билетін беріп жібереді де нәтижеде билетке 1 миллион канада доллары ұтыс шығады.
Майкл Батт кассир жайында: егер оның қателігі болмаса, жағдай мұндай болмайтын еді, деп өз миллионын алғаннан кейін «Кассирге» рақмет айтып, жеңіс ақшасынан сыйақы берген.