Каррик маусым соңына дейін «МЮ»-дың бас бапкері болып тағайындалды
Майкл Каррик «Манчестер Юнайтед» клубында жұмыс істейді.
44 жастағы маман «Манчестер Юнайтед» командасының бас бапкері қызметіне маусым соңына дейін тағайындалғаны ресми түрде жарияланды.
Қазіргі таңда «Манчестер Юнайтед» АПЛ турнир кестесінде 21 турдан кейін 32 ұпай жинап, 7-орында тұр. Рубен Аморим қызметінен босатылғаннан кейін команда екі матчта Даррен Флетчердің жетекшілігімен ойнаған еді.