Карол Навроцкий Польшаның жаңа президенті ретінде ант берді
Карол Навроцкий маусым айында өткен президенттік сайлауда жеңіске жеткеннен кейін бүгін ант берді.
«Anadolu» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оның инаугурация рәсімі ел парламентінде өткен.
Навроцкий 2015 жылдан бері Польша президенті лауазымын иеленіп келген Анджей Дуданың орнына келді.
Навроцкий елдегі президенттік сайлаудың соңғы кезеңінде Варшава мэрі Рафал Тшасковскийді жеңіп, 50,9 пайыз дауыспен жеңіске жетті.