Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Карлос Алькарас теннистен «US Open» турнирінде жеңіске жетті
12:05 / 2022-09-12

Испаниялық теннисші Карлос Алькарас мансабындағы алғашқы «Үлкен дулыға» жарысында чемпион атанды.

3 сағат 22 минутқа созылған АҚШ ашық біріншілігінің финалында испан теннисі норвегиялық Каспер Руды 6/4, 2/6, 7/6(1), 6/3 есебімен ұтып, тарихтағы ең жас бірінші нөмірлі теннисші атанды. 

Осы уақытқа дейін австралиялық Ллейтон Хьюитт 1993 жылдан бері ATP әлеміндегі ең жас бірінші нөмірлі теннисші болатын. Ол бұл нәтижеге 20 жас 9 айлығында қол жеткізген.

Карлос Алькарас АҚШ ашық чемпионатындағы сәтті әрі тарихи жеңісі үшін 2,6 миллион доллар ақшалай сыйақы мен 2000 рейтингтік ұпайға ие болды.