Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Карло Анчелотти «Реал Мадрид» бас бапкері атанды
23:16 / 2021-06-01

61 жастағы итальяндық футбол майталманы «Эвертон» клубымен келісімшартын тоқтатып, мадридтік клубпен 2024 жылдың жазына дейін келісімшартқа отырды.

«Карло Анчелотти алдағы үш маусымда негізгі құрамның жаңа бас бапкері болады», - делінген «Корольдік» клуб ресми хабарламасында.

Анчелотти бұл командаға бөтен емес. Ол «Реалды» 2013-2015 жылдар аралығында да басқарып, алғашқы маусымда-ақ клубты Чемпиондар лигасының жеңімпазы етті. Бұл жеңіс клуб тарихындағы 10-шы чемпиондық (2002 жылдан бергі алғашқы атақ) болды. Оның қызметі кезінде команда сонымен қатар клубтар арасындағы әлем кубогын, Испания кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.

Карло клубтан кеткеннен бері «Бавария», «Наполи» клубтарында жұмыс істеді, ал «Эвертонды» 2019 жылдан бері басқарып келе жатқан еді.

27 мамырда «Реал Мадрид» бұған дейін бас бапкер болған Зинедин Зиданның клубтан кеткені жайлы ресми мәлімдеме жасап, оны клубтың “ең ұлы аңыздарының бірі” деп атаған болатын.