Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» клубының шабуылшысы әрі команда капитаны Карим Бензема атақты испаниялық суретші Пабло Пикассоға тиесілі өнер туындысын сатып алды.
Ол 1964 жылы салынған «Сақалды ер адамның портреті» атты картина.
Футболшы бұл туындымен түскен суретін әлеуметтік желілерде бөлісіп, «үйге қош келдің» деген жазба қалдырған.
Мәліметке сәйкес, картина 2025 жылдың басында Нью-Йоркте орналасқан Хелли Нахмад галереясында көрмеге қойылған. Сатып алу бағасы жарияланған жоқ, алайда Пикассо туындылары халықаралық аукциондарда әдетте 1 миллион еуродан жоғары сомаға сатылатыны белгілі.
Еске салайық, Карим Бензема 2023 жылдан бері «Әл-Иттихад» клубының намысын қорғап келеді. Биылғы маусымда 37 жастағы шабуылшы барлық турнирлерде 12 матч өткізіп, 11 гол соқты. Оның клубпен келісімшарты 2026 жылдың жазынына дейін. Transfermarkt порталының дерегінше, қазіргі таңда Бенземаның трансферлік құны 6 миллион еуроға бағаланып отыр.