Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Карантинді бұзғандарға Қазақстанда 87 мың теңге айыппұл салынатын болды
17:21 / 2021-06-10

Бүгіннен бастап Қазақстанда коронавируспен ауырғандар және науқастармен байланыста болғандар карантин режимін бұзса 87 мың теңге айыппұл төлейтін болады.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтқан.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар мен олармен байланыста болған адамдар үшін оқшауланудың міндетті режимін көздейтін санитарлық ережелерді бекітті. Аталған талаптарды орындамағаны үшін ҚР ӘҚбК 425-бабы 1-тармағына сәйкес, құқық бұзушылыққа жол берген тұлғалар 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл ереже бүгін күшіне енді», - деді Сархат Бейсенова. 

Оның дерегінше, «Ashyq» қосымшасы іске қосылған сәттен бастап үй каратинін бұзған 3 140 адам анықталды. Олардың 1 436-сы коронавируспен ауырса, 1 704-і науқастармен байланыста болған. 

«Қызыл» немесе «сары» мәртебесі бар тұрғындар қаланың қоғамдық орындарында жүру арқылы COVID-19 тасымалдаушысы болады әрі иммунитеті төмен, қарт адамдар мен балалар және тәуекел тобына кіретін өзге де қала тұрғындарына жұқтырады, делінген хабарламада.