English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Карантин жағдайында зейнетақы мен жәрдемақы қалай беріледі?
13:13 / 2020-03-27

Осы жөнінде Халық банкінің мәлімдеме жасады


Өзбекстандағы карантиндік жағдайға байланысты қарттарға зейнетақы мен әлеуметтік көмекке зәру жандарға жәрдемақы беру процесі 18 наурыздан бастап азаматтарды ауылдық округ ғимаратына топтамай әр үйге жеке барып беру тәртібі белгіленді.

Осы жөнінде Халық банкінің мәлімдемесіне сай, 2020 жыл 26 наурыздағы жағдай бойынша 2 трлн. 103,1 млрд сумдық немесе 98 пайыз зейнетақы мөлшері нақтылай қолма-қол ақша түрінде берілді және 405 мыңға жуық зейнеткерлерге 252,8 млрд. сум банк карталары арқылы төленді.

Келесі сәуір айында да зейнетақы мен жәрдемақы барлық азаматтардың үйлеріне қолма-қол ақшамен жеткізілетін болады. Бұл жағдай елдегі коронавирустық инфекцияның тарауын болдырмау үшін жасалған тәртіп болып, онда Халық банкі азаматтардың зейнетақы мен жәрдемақысын беруде мына талаптарды орындайтын болады:

• Халық банкінде арнайы штаб құрылып, зейнетақы мен жәрдемақы төлемі үшін Орталық банктен стерильденген ақша алынатын болады

• Азаматтардың үйлеріне зейнетақылар мен жәрдемақыларды жеткізу үшін қосымша қызметкерлер мен арнайы көліктер бөлінеді

• Барлық мобильді кассирлер мен көлік жүргізушілері медициналық қорғаныш маскаларымен және қолғаптарымен, спиртті антисептиктермен қамтамасыз етілді.