Карантин: Өзбекстанда жұма намазын жамағатпен брге оқуға рұқсат берілді
13 тамыздан бастап Өзбекстандағы барлық жұмысшылары мен қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина алған мешіттерде жұма намазын оқуға рұқсат берілді.
ДСМ-нің хабарлауынша, Республикалық арнайы комиссияның жиыны өтіп, нәтижесінде Өзбекстан мұсылмандары басқармасы мен Дін істері комитетінің келесі ұсыныстары мақұлданды:
- барлық мешіт жұмысшылары мен қызметкерлеріне (денсаулыққа қарсы көрсетілімдерден басқа) коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде 2 дозасы егілгені туралы вакцинация сертификаты болса (түріне қарамастан), осы мешіттерде жұма намазының оқылуына рұқсат;
- мешіттерге жұма намазын оқу үшін келушілер коронавирусқа қарсы вакцина алғандығы жайлы QR-коды немесе сертификаты бар (денсаулыққа қарсы көрсеткіштері барларды қоспағанда) келушілерді кіргізу жайлы ұсыны Республикалық арнайы комиссия тарапынан мақұлданған.
Қабылданған шешімге сәйкес, елде жұмыс істейтін басқа конфессиялардың діни ұйымдарына дәл осындай процедураны қолдану ұсынылды.
Сонымен қатар, келушілер діни парызын орындау кезінде медициналық маскада және әлеуметтік қашықтықты сақтауға карантиндік шектеулерді орындауы тиіс екендігі айтылған.