Карантин: Өзбекстанда барлық түрдегі іс-шаралар тоқтатылды
Республикадағы коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі жауапты ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, Республикалық арнайы комиссия жабық алаңдар мен ашық спорт алаңдарында болуына қарамай елде көпшіліктің қатсуымен өтетін іс-шаралар, спорттық жарыстар, сондай-ақ концерттер, фестивальдар, театрлар мен кино шараларының барлық түрлерін уақытша тоқтатылуын жариялады.
ДСМ-нің хабарлауынша, спорт түрі бойынша жарыстар жанкүйерлерсіз өтуіне рұқсат берілді.
Еске сала кетейік, 2021 жылдың 1 мамырынан бастап жабық мәдениет сарайларында концерттер мен қойылымдар тоқтатылған болатын.