Карантин кезінде ұшуларды сағынғандар үшін Тайландта арнайы мейрамхана ашылды
Таиландтың «Thai Airways» ұлттық әуе компаниясы Бангкоктағы кеңсе асханасын карантин кезінде ұшуларды сағынғандар үшін «pop-up» түрдегі мейрамханаға айналдырды
Таиландтың «Thai Airways» ұлттық әуе компаниясы Бангкоктағы кеңсе асханасын карантин кезінде ұшуларды сағынғандар үшін «pop-up» түрдегі мейрамханаға айналдырды. Мейрамхана тағамдары ұшу кезінде ұсынылатын мәзірге негізделген.
Мейрамхана коронавирустық пандемия жағдайында саяхаттық ұшуларға деген сұраныстың төмендеуі нәтижесінде жоғалған кірістің бір бөлігін жабу мақсатында ашылған болып, мұнда келген қонақтар өзін ұшақтағыдай сезінуі үшін барлық жағдай жасалған. Ғимаратқа кірерде траптан көтеріліп, ішке енгенде арнайы ұшақ орындықтарына отырып тамақтанады. Ал іштегі даяшылар келген клиенттермен дәл ұшақтағыдай киімде ұшу кезіндегі әнгіме айтқандай қызмет жасайды.