Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Карантин кезінде ашылған пластикалық карта үшін кімдер ақша төлемейді?
09:46 / 2020-04-16

Маусым айынан бастап ел аумағындағы барлық аймақтарында азаматтардың зейнетақысы мен жәрдемақысы банктік пластикалық карталармен төленеді


Өзбекстанда карантиндік кезеңде зейнеткерлер мен жәрдемақы алушылардың денсаулығын сақтау мақсатында, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес, елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін мамыр айынан бастап зейнетақы мен жәрдемақыны толығымен пластикалық карточкаларда берілуі белгіленген болатын.

Осы жағдайға орай Қаржы министрлігі зейнеткерлер мен жәрдемақы алушылар үшін арнайы ашылған пластик карталары оларға тегін берілетінін мәлімдеп, ол үшін ешқандай ақы төленбейтінін айтты. Ал бұл процес мына карантиндік кезеңде азаматтарды артық әуре-сарсаңдыққа салмаған түрде Зейнетақы қоры және Халық банкі арасындағы электронды ақпарат алмасу негізінде жүзеге асырылып, карточкалар өз иесіне табысталады.

Сонымен қатар осы жылдың маусым айынан бастап ел аумағындағы барлық аймақтарында азаматтардың зейнетақысы мен жәрдемақысы банктік пластикалық карталармен төленеді. Халық банкінің кассалары тарапынан банк карточкасын жеткізу шағында, азаматтардың қалауына байланысты картадағы ақша пайызссыз нақтылай шешіп берілетін болады.